Жамбыл облысындағы «Қарызсыз қоғам» жобасының түлектері алдағы референдумда Жаңа Конституцияны қолдап, дауыс беруге дайын екендерін жеткізді. Олар Аса ауылында Жалпыұлттық коалиция мүшелерімен өткен кездесуде заңдардың орындалуы және қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың мүддесін қорғауы қаншалықты маңызды екенін өз тәжрибелерінен білетінін атап өтті.
Коалиция мүшесі, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жобаның қарапайым ақиқатты дәлелдейтінін атап өтті: адамға білім қолжетімді болып, қолдау көрсетілсе, ол өз өмірін өзгерте алады. Оның сөзінше, Жаңа Конституция дәл осындай модельді – әрбір азамат адал еңбек ете отырып, өз ісін дамыта алатын тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастырады.
Кездесу барысында қатысушылар Конституция преамбуласында «Әділетті Қазақстан» идеясы мен «Заң және тәртіп» қағидатының көрініс табуын толық қолдайтындарын жеткізді. Бүгінгі қоғам сұранысы дәл осы қағидалардың маңызын айқындап отыр. Сонымен қатар қатысушылар жаңа Ата Заң азаматтарға өз білімін, қабілеттерін дамытуға, әділ бәсекеге, адал еңбекке және кәсіпкерлікпен айналысуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Мұның бәрі Қуатты, Әділетті және Прогрессивті Қазақстанды құруға берік негіз қалайды.
Іс-шараға 300-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында шағын және микро бизнес өкілдері, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, сондай-ақ жоба аясында проблемалық қарыздарын реттеп, қиындықтарды еңсеріп, жеке кәсібін ашқан тұрғындар болды.
Жаңа Конституция адам құқықтары мен мүдделерін қорғауды сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтереді.
- Информация о материале
- Категория: Қоғам
- Read Time: 1 min
- : 25



