Ақкөль ауылындағы "Интергаз Орталық Азия" АҚ-ның Атырау Магистральді Газ құбырлары басқармасының Ақкөл желілік өндірістік басқармасында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты аудандық коалиция мүшелерінің қатысуымен мазмұнды кездесу өтті.
Басқосуға жиналған жұмысшыларға Конституцияның жаңа жобасының негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, алдағы референдумның маңызы жөнінде ашық пікір алмасу болды.
Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы — Гүлжанат Қалиева, «Ауыл партиясы» атынан аудандық мәслихат депутаты Нурлан Елемесұлы, сондай-ақ колиция мүшесі Дархан Иргазиева мен округ әкімі Кадыржан Утешов қатысты.
Жиын барысында жұмысшы топ өкілдері жаңа Конституция жобасының қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті. Спикерлердің айтуынша, құжатта адам құқықтарын қорғау, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау, заң үстемдігін күшейту секілді маңызды нормалар айқын әрі қарапайым тілмен көрсетілген. Бұл әрбір азаматтың Ата заңды оқып, оның мәнін түсінуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, қатысушылар референдумның ел болашағы үшін жауапты таңдау екенін айтып, жастардың белсенділігіне ерекше тоқталды. «Бұл тек саяси науқан емес, ертеңгі күнге деген ортақ жауапкершілік. Сондықтан әр азамат өз таңдауын саналы түрде жасауы керек», – деген ойлар айтылды.
Кездесу соңында еңбек ұжымының жұмысшылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Ашық форматта өткен басқосу жастардың саяси-құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы маңызды өзгерістерге бейжай қарамау керектігін тағы бір мәрте көрсетті.



