«Тұрмыс» іс-шарасы: зорлық - зомбылықтың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілуде

(0 Votes)

Атырау облысы аумағында 15-22 ақпан күндері «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен ауыр қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу және өңірдегі криминогендік ахуалды тұрақтандыру.

Шара аясында Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері халық көп шоғырланатын сауда орталықтарында ақпараттық-профилактикалық акциялар ұйымдастырды. Тұрғындарға отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтық жауапкершілік туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдары, дағдарыс жағдайында жүгінетін мекемелер мен сенім телефондары туралы ақпарат қамтылған арнайы жадынамалар таратылды. Полиция қызметкерлері әрбір азаматтың қауіпсіздігі – басты назарда екенін атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT