Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында жаңа Конституция жобасына арналған мазмұнды кездесу өтті. Бұл құжат әрбір азаматтың күнделікті өміріне тікелей ықпал ететін маңызды құқықтық тірек. Сол себепті де аудандық коалиция өкілдері оның мәнін жан-жақты түсіндіріп, қоғамға әкелетін стратегиялық артықшылықтарын ортаға салды.
Кездесу ашық форматта өтіп, қатысушыларға Конституциядағы жаңартулардың маңыздылығы қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізілді. Құқықтық реформалардың ел дамуына, әділ сот төрелігіне, азаматтардың қорғалуына әсері туралы нақты мысалдар келтірілді.
Аумақтық коалиция жетекшісі Ерлан Хисметуллин пен коалиция мүшелері жобаның негізгі бағыттары мен жаңашыл реформаларын таныстырып, цифрлық технологияларды қолдану, сот және құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Аумақтық коалиция өкілдері – Болатбек Утегенов, Әнуарбек Сабитов, және Ерлан Аманжанұлы өз ой-пікірлерін ортаға салып, Конституция жобасының ұлттық мүдде мен әділдік қағидаларын нығайтуға, қоғамдағы теңдікті сақтау мен азаматтардың құқықтық қорғалуын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Жиын барысында жергілікті басқару тиімділігін арттыру, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысуын кеңейту, билік тармақтары арасындағы теңгерімді сақтау және қоғамдық бақылау механизмдерін жетілдіру мәселелері кеңінен талқыланды.
Түсіндірме жұмыстарды ауданда коалиция мүшелерімен кең көлемде жалғасуда.



