- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 17
Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов еліміздің қоғамдық кеңестерінің өкілдерімен кездесу өткізді. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының институттардың өкілеттіктерін кеңейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру және өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттары бойынша бірлескен қадамдар әзірлеу мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Халық Кеңесінің мүшелері өңірлік Қоғамдық кеңестермен тығыз байланыстың маңыздылығын атап өтті. Конституциялық заңға сәйкес Халық Кеңесінің қызметі жергілікті деңгейдегі қоғамдық кеңестер арқылы қамтамасыз етіледі. Мұндай серіктестік бірден бірнеше салада белсенді жұмыс істеуге бағытталған.
«Мемлекет басшысы өңірлермен қоғамдық кеңестер арқылы берік байланыс орнату міндетін қойды. Бұл бізге жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Әр адамның пікірі ескеріліп, әр азамат елдік мәселелерді талқылауға өз үлесін қоса алады. Біздің басты міндетіміз – халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, талап-тілегін тыңдай білу. Алдағы уақытта осындай басқосуларды тұрақты түрде өткіземіз. Ортақ мақсатқа қол жеткізу үшін өздеріңізбен бірлесіп жұмыс атқаратын боламыз», – деді Ерлан Қошанов.
Қоғамдық сараптаманың әлеуетіне – еліміздің түкпір-түкпіріндегі 228 кеңес пен 3,5 мыңға жуық қатысушының тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстан Халық Кеңесінің міндеті – өңірлерден келіп түсетін сан алуан ұсыныстар мен мәселелерді жалпыұлттық күн тәртібіне біріктіріп, нақты шешімдер әзірлеу. Осы мақсатта бейінді комитетке Хатшылықпен бірлесіп, деректерді тұрақты түрде жинау тетігін жолға қою тапсырылды. Жүйелі проблемалардың бірыңғай картасын жасау өңірлік сын-қатерлерді нақты көруге және қандай мәселелер бойынша жұмыс тәжірибесін өзгерту, Үкімет шешімдерін қабылдау немесе заңдарға түзетулер енгізу қажет екенін жедел айқындауға мүмкіндік береді.
2015 жылы қабылданған қолданыстағы «Қоғамдық кеңестер» туралы заңға кешенді түгендеу жүргізу қажеттігін айта отырып, Халық Кеңесінің Төрағасы оның нормаларын Халық Кеңесі туралы Конституциялық заңмен байланыстыру үшін бейінді комитет жанынан арнайы жұмыс тобын құруды тапсырды.
Сонымен қатар, шешімдер қабылданғанға дейін міндетті қоғамдық сараптама жүргізу мен ықтимал тәуекелдерді бағалауды көздейтін «нөлдік оқылым» тетігіне ерекше назар аударылды. Әсіресе, мемлекеттік бағдарламалар мен нормативтік актілерді әзірлеу кезінде бұл тәсілді қолдану маңызды екені атап өтілді. Қоғамдық кеңестердің алдындағы нақты жауапкершілікті арттыру мақсатымен мемлекеттік органдардың басшыларына олардың ұсынымдарының орындалуы бойынша кеңестер алдында жеке есеп беру міндетін заңнамалық тұрғыдан бекіту ұсынылды. Сондай-ақ өңірлердегі үздік тәжірибелерді кеңінен тарату және ортақ мәселелерді бірлесіп шешу үшін қоғамдық кеңестер арасындағы көлденең ынтымақтастықты дамыту маңызды міндеттер ретінде айқындалды. Бұдан бөлек, өңірлердегі нақты ахуалды көрсететін әрі жалпыұлттық күн тәртібін қалыптастыруға сенімді негіз болатын жыл сайынғы талдамалық «Қоғам баяндамасын» әзірлеу ұсынылды.
Отырыс барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Нұржан Жақыпов та бастамаларды дербес сүйемелдеу идеясын ортаға салды. Оның айтуынша, қоғамдық бастамалармен жұмыс «іріктеу жүйесі» қағидаты бойынша ұйымдастырылады: әр кезеңде олардың сапасы артып, Халық Кеңесінің стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін құқықтық тұрғыдан пысықталады. Осы мақсатта әрбір бастамаға Халық Кеңесінің бір мүшесін бекіту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру жөніндегі өз пайымымен бөлісті. Олардың бірі – қоғамдық кеңестерді қалыптастырудың бірыңғай әрі ашық стандарттарын заңнамалық деңгейде бекіту. Маңғыстау облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіповтің бастамалары кеңес мүшелерінің Халық Кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәртібіне қатысты болды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова және басқа да тұлғалар қатысты.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 31
Зинеден ауылының аумағында тазалықты сақтау және елді мекеннің көркін арттыру мақсатында абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ауылдың кіреберісінде орналасқан ауыл атауы жазылған тақта мен жол белгілерінің айналасы, сондай-ақ ойын алаңдарының маңы тазартылды.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 34
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 23
АСТАНА. KAZINFORM – Мүлік иелері бірлестігі төрағаларының құзыретіне қатысты бірқатар дәл емес әрі екіұшты ұғымдар анықталды. Бұл туралы Құрылтай депутаттарының сауалына Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Рахымжан Исақұловтың жауабында айтылған.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 23
Атырауда Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде күзгі шақырылымның алғашқы сарбаздарын қабылдау басталды. Ақтау қаласынан келген жастар енді әскери өмірге бейімделіп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге кіріспек.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 32
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Нұрай Тілеуқабыл «Ұлттық Тарих Күні» республикалық байқауында тарихи үстел ойынын таныстырып, жүлделі орынға ие болды.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 23
Бүгінде барлық сала цифрландырылуда. Соның ішінде халық денсаулығын қорғауда маңызды рөл атқаратын “Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау" (СЭҚ) ақпараттық жүйесі іске қосылды.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 27
«Халқымызда «Ынтымақ түбі – игілік» деген сөз бар. Азаматтарымыз өздері тұрып жатқан елді мекенге қамқорлық танытқаны жөн. Әрбір адам өз үйін, ауылын, қаласын көркейтуге белсене атсалысқаны абзал», – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл сөз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасының негізгі мәнін айқындай түседі. Өйткені қоршаған ортаны қорғау мен елді мекеннің тазалығын сақтау тек арнайы мекемелердің міндеті емес. Ол – туған жеріне деген жауапкершіліктен басталатын ортақ іс. Осы бағыттағы жұмыстар ауданда, оның ішінде Жанбай ауылдық округінде де тұрақты жүргізіліп келеді.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 27
Махамбет ауданына қарасты Таңдай ауылындағы «Айшагүл» мейрамханасында Қарттар күніне орай тағылымы мол кездесу өтті.
- Информация о материале
- Категория: Аймақта
- Read Time: 1 min
- : 26
Павлодар облысында 1981 жылы салынған Ақсу-2 станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.


