Атырауда ерекше технология арқылы нәрестенің өмірі сақталды

(0 Votes)

Атыраудағы облыстық перинаталды орталықтың неонатология бөлімі бүгінде Қазақстандағы ең озық бөлімшелердің бірі болып саналады. Мұнда заманауи жабдықтар мен тәжірибелі дәрігерлер нағыз ғажайыптарды жасай алады, ал сирек қолданылатын жоғары технологиялық әдістер ең нәзік өмірлерді құтқару үшін қолданылады.

2025 жылдың желтоқсан айында орталықта 32 аптасында ер бала дүниеге келді. Дәрігерлер нәрестеден өкпе гипертензиясын анықтады. Мұндайда өмірлік маңызды органдар, соның ішінде ми, оттегіге толықтай қол жеткізе алмайды.

Шұғыл консилиумда азот оксидімен терапия қолдану шешімі қабылданды — бұл жоғары технологиялық әдіс АҚШ-тағы, Жапониядағы, Еуропа елдеріндегі неонаталды реанимацияларда кеңінен қолданылады, ал қазір Қазақстанда да қолжетімді.

«Терапия басталған соң бірден оң өзгерістерді байқадық: қан қысымы көтеріліп, оттегіне тәуелділік азайды. Бірінші тәулік соңында нәресте  ИВЛ-ге ауыстырылды, екінші тәулікте — CPAP арқылы инвазивті емес вентиляцияға жатты. Төртінші тәулікте өзі дем ала бастады, ал бесінші тәулікте жансақтау бөлімінен жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Осындай аса қауіпті жағдайда тек азот оксидімен терапия аппаратының болуы ғана нәрестенің өмірін сақтауға мүмкіндік берді. AYALA қоры мен «Теңізшевройл» компаниясына алғысымыз шексіз», — дейді  облыстық перинаталды орталықтың  неонатология бойынша директор орынбасары Гүлмира Абикеева.


Азот оксидімен терапия аппараты қанды оттегімен қанықтырып, барлық органдардың жұмысын қамтамасыз етеді және миды қорғайды. «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен бұл озық технология Атырау облысының тұрғындары үшін қолжетімді болды.

Аймақта заманауи жабдықтар мен кәсіби дәрігерлер бар кезде, балалардың өмір сүруге мүмкіндігі артып отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT