- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 36
Жаңа оқу жылы қарсаңында Атырау қаласындағы №46 «Келешек» жалпы орта мектебіне бірнеше маман қажет болып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 22
№48 «Келешек» мектебінде 1-сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Балабақша мен мектеп педагогтарының ынтымақтастығы» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 27
Жазғы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы қарсаңында №48 «Келешек» мектебінің ағылшын тілі бірлестігінің ұстаздары кезекті жұмысын бастады. Педагогтер алдағы оқу жылына тың серпінмен кірісіп, жаңа жоспарлар мен бастамаларды талқылады.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 31
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасына сәйкес, №49 «Келешек» мектебінде 2026–2027 оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік қолдауға мұқтаж білім алушыларды анықтау және оларға мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстары жүргізілуде.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 36
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Еркінқала-2 ауылындағы 600 орындық мектептің және Балықшы шағынауданындағы Ломоносов атындағы орта мектептің құрылысымен танысты.
Алдымен өңір басшысы Еркінқала-2 ауылында салынып жатқан 600 орындық мектепке барды. Нысанды «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС салып жатыр. Үш қабатты ғимараттың жалпы ауданы — шамамен 10 мың шаршы метр. Жобада мектепте заманауи оқу кабинеттері, кітапхана, 210 орындық асхана, екі спорт залы және акт залы қарастырылған.
Мердігер ұйымның мәліметінше, құрылыс-монтаж жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталған. Қазіргі таңда мектеп аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейінгі тексеру барысында бірқатар оқу кабинетінен анықталған кемшіліктер мердігердің өз қаражаты есебінен толықтай жойылды. Мектепті жаңа оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жаңа білім беру нысаны оқушы орындарының тапшылығын азайтып, мектептердің жүктемесін жеңілдетуге және Еркінқала мен Еркінқала-2 ауылдарындағы үш ауысымды оқыту мәселесін кезең-кезеңімен шешуге мүмкіндік береді.
Өңір басшысы қалған жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
Одан кейін Болат Ақшолақов Балықшы шағынауданында салынатын 900 орындық Ломоносов атындағы орта мектептің жобасымен танысты. Жоба аясында жалпы аумағы шамамен 10 мың шаршы метр болатын үш қабатты ғимарат бой көтереді. Онда заманауи оқу кабинеттері, зертханалар, спорт залдары және білім беру процесіне қажетті қосымша бөлмелер қарастырылған.
Мердігер ұйымның мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта жобалық және рұқсат алу құжаттарын рәсімдеу жұмыстары аяқтала келді. Тамызда жер телімін құрылысқа дайындауды бастау, ал қыркүйекте негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісу жоспарланған.
Жобаның жүзеге асуына жер телімін рәсімдеу үдерісінің ұзаққа созылуы себеп болған. Құрылыс алаңын дайындау үшін жылжымайтын мүліктерге бағалау жүргізіліп, меншік иелерімен келіссөздер ұйымдастырылды, өтемақы төленді. Кейбір жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алу мәселесі сот тәртібімен шешілген.
– Аудандағы қазақ және орыс тілінде білім беретін сыныптарға деген нақты қажеттілікке жан-жақты талдау жүргізу қажет. Шағынаудан тұрғындарынан жұмыстың баяу жүріп жатқаны жөнінде шағым түсіп жатыр. Сондықтан барлық ұйымдастыру жұмыстарын жедел аяқтап, құрылыс қарқынын күшейту қажет. Мектеп 2027 жылғы 1 шілдеге дейін пайдалануға берілуі тиіс. Сонымен қатар құрылыс сапасы мен мектепті заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару керек. Бұл жобаның іске асырылуы менің жеке бақылауымда болады, – деді Болат Ақшолақов.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 38
Атырау қаласындағы «Келешек» мектептерінде 2026–2027 оқу жылына арналған 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау жалғасуда. Бүгінде білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндерді қабылдауды жалғастырып жатыр.
Соның ішінде №50 «Келешек» мектебінде қазіргі таңда 112 оқушының құжаты қабылданып, олар жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа баруға дайындалуда.
«Келешек» мектептерінде оқушылардың сапалы білім алуына және жан-жақты дамуына бағытталған заманауи білім беру ортасы қалыптастырылған. Білім беру процесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ұйымдастырылады.
Қазіргі уақытта 1-сыныпқа құжат қабылдау белгіленген тәртіпке сәйкес жалғасуда.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 37
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жаңа 2026–2027 оқу жылына арналған тәрбие жұмыстарының жоспары талқыланды.
Кездесу барысында тәрбиенің негізгі бағыттары сараланып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың бойына адамгершілік, жауапкершілік, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар жоспарланды.
Бірлескен талқылау барысында ұсыныстар айтылып, жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмыстарының мазмұнын жетілдіру жолдары қарастырылды. Ортақ мақсат – білімді, саналы, елжанды, адал ұрпақ тәрбиелеу.
- Информация о материале
- Категория: Білім-Ғылым
- Read Time: 1 min
- : 39
47 «Келешек» мектебінде 118 мұғалім еңбек етеді. Білім сапасын арттыру бағытында педагогикалық ұжым тұрақты түрде кәсіби дамуға және заманауи оқыту тәсілдерін меңгеруге басымдық беріп келеді.
2025–2026 оқу жылында мектептің 85 мұғалімі біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдірді. Бұл педагогтердің заманауи білім беру талаптарына сай жұмыс істеуіне және оқу үдерісінің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Мұғалімдердің сапалы білім беруі үшін қолайлы еңбек ортасының болуы аса маңызды. Осы мақсатта мектепте заманауи пәндік кабинеттер, қажетті техникалық құрал-жабдықтар және әдістемелік қолдау жүйесі қалыптасқан. Мұндай мүмкіндіктер сабақтарды қызықты, мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Педагогтердің кәсіби дамуын қолдау мақсатында мектепте түрлі оқыту семинарлары мен тәжірибе алмасу алаңдары тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Соның бірі – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мамандарының қатысуымен ұйымдастырылған курстар мен тренингтер. Бағдарлама аясында мұғалімдер заманауи оқыту әдістері, кәсіби даму, тиімді коммуникация және топтық жұмыс бағыттары бойынша білімдерін жетілдірді.
Мектепке қазіргі уақытта орыс тілі пәнінен – 1, информатика пәнінен – 1 және биология пәнінен – 1 мұғалім қажет.
Еще материалы
- Италиялық MAIRE компаниясының «Jaryq Academy» халықаралық бағдарламасының алғашқы легі сәтті аяқталды
- Атырау облысында «Келешек мектептері» жобасы қарқынды жүзеге асуда
- Арнайы автобус – оқушылар игілігі үшін
- «Келешек» мектебінде батыр полицейдің есімі ұлықталып келеді
- Қазақстандық оқушылар математика олимпиадасында әлемнің үздік 25 құрамасының қатарына енді

