Аналар кеңесінің есептік жиыны және «Зорлықсыз қоғам» шарасы өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округі жанындағы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен маңызды мазмұндағы тағылымды іс-шара өтті.

Басқосу үш бөлімнен тұрып, кеңестің бір жылдық есебі тыңдалып, «Заң және тәртіп» аясында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбындағы кездесу де ұйымдастырылды.

Шараның бірінші бөлімінде Құрманғазы ауылдық Аналар кеңесінің бір жыл ішінде атқарған жұмыстары қорытындыланды. Кеңес төрайымы Гаухария Тукестаева есептік баяндама жасап, жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. Оның айтуынша, 1 жыл ішінде кеңес тарапынан әлеуметтік қолдауға мұқтаж отбасылармен жұмыс жүргізіліп, қайырымдылық шаралар, тәрбиелік бағыттағы кездесулер, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған іс-шаралар ұйымдастырылған.

Жиын барысында белсенділік танытқан аналар кеңесінің мүшелері мен қоғамдық қызметкерлері Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Абдуррахман Муса алғыс хатымен марапатталды. алғыс хаттармен марапатталды. Екінші бөлімі «Заң және тәртіп» аясында өткен «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» тақырыбындағы кездесуге ұласты. Аталған іс-шараның мақсаты-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту, құқықтық тәрбиені насихаттауға бағытталды. Кездесудің модераторы-Атырау облысының адвокаттар алқасының адвокаты, аудандық Аналар кеңесінің мүшесі Ұлмекен Қибатоллақызы болды. Ол шараның маңыздылығына тоқталып өтті. Іс-шараға арнайы спикер шақырылды. Алғашқы болып Құрманғазы аудандық Отбасын қолдау орталығының психологы Жазира Болатқызы сөз сөйлеп, отбасындағы психологиялық ахуал, зорлық-зомбылықтың себептері мен оның алдын алу жолдары жөнінде кеңінен түсіндірді.

Екінші спикер - Құрманғазы аудандық полиция бөлімі Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Карима Нұрлыбекқызы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заң талаптары, құқықтық жауапкершілік және қорғау шаралары туралы нақты ақпарат берді. Келесі кезекте «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында Абай жалпы орта мектебінің психологы Гүлмира Талапқызы баяндама жасап, бала құқығын қорғау, қауіпсіз орта қалыптастыру, ата-ана жауапкершілігі мәселелеріне тоқталды.

Шараның үшінші бөлімінде сөз қайтадан аналар кеңесінің төрайымы Гаухария Тукестаева жиынды қорытындылап, көтерілген мәселелердің маңызын атап өтті. Тағылымды басқосу қоғамдағы отбасы құндылығын нығайтуға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызы зор алаң болды.

Мадина Жеделбаева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT