- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 64
Халық арасында “БСМП” деген атаумен танылған аурухана шұғыл жағдайда жеткізілген науқастарды тәулік бойы қабылдайды. Мұнда Алматы тұрғындарымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен келген азаматтарға да медициналық көмек көрсетіледі.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 67
Облыс әкімі Болат Ақшолақовқа Атырау облыстық ауруханасының 200 орындық жаңа корпусының құрылысы мен ескі ғимараттарына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысы таныстырылды.
Жоба 2024 жылы басталған. Бас мердігер – «ҚазЕуроҚұрылыс» ЖШС. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізілуде. Құрылыстың дайындық деңгейі – 50 пайыз. Бұған қоса, сыртқы инженерлік желілерге қатысты жобалық құжаттама әзірленіп жатыр.
Жобаны іске асыру мерзімінің ұзаруына бастапқы жобалық-сметалық құжаттаманың қайта қаралуы себеп болған. Құжаттаманы зерделеу барысында инженерлік шешімдерге, желдету жүйесіне, оттегімен қамтамасыз ететін орталықтандырылған жүйеге, сондай-ақ қазіргі заманғы медициналық мекемелерге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін бірқатар функционалдық бөлмеге қатысты ескерту берілген.
Облыс әкімі жобаны әрі қарай уақтылы іске асыру үшін дер кезінде тиісті шешім қабылдауды тапсырды.
– Басталған құрылыс қалай болғанда да аяқталуы тиіс. Бұл – өңірдегі денсаулық сақтау саласы үшін аса маңызды нысанның бірі. Жұмыс ұзаққа созылып, тұрғындар соның кесірінен медициналық көмекті әр жерден алуға мәжбүр. Жобалық шешімдер заманауи талаптарға толық сәйкес болуы қажет. Қажет болған жағдайда құрылыс жұмыстарының түрлерін қайта қарап, анықталған кемшіліктің барлығын ескеріп, жобалық-сметалық құжаттаманы мейлінше тезірек түзетіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алу қажет. Жұмысты бұдан әрі созуға болмайды, – деді Болат Ақшолақов.
Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым мәселелері де талқыланды. Өңір басшысы нысанның негізгі инженерлік жүйелерінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін резервтік қуат көздерін қарастыруды тапсырды.
Айта кетейік, Атырау облыстық ауруханасы 1967, 1998 және 2002 жылдары салынған үш ғимараттан тұрады. Күрделі жөндеу жұмыстары медициналық қызмет көрсетуді тоқтатпай, кезең-кезеңімен жүргізілуде. Аурухананың бірқатар бөлімшесі уақытша Сарыөзек ауылындағы модульдік инфекциялық ауруханаға көшірілген. Ал негізгі ғимаратта инсульт орталығы, травматология, нейрохирургия, хирургия бөлімдері мен сәулелік диагностика қызметі жұмысын істеп тұр.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 82
Атырауда жіті ішек инфекциясына шалдыққандар саны былтырғымен салыстырғанда 45,8 пайызға азайды. Биыл жыл басынан бері өңірде аталған инфекцияның 177 жағдайы тіркелген, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз хатшысы Айкөркем Нұрғалиеваның айтуынша, жаз мезгілінде ауа температурасының жоғары болуы инфекцияның таралу қаупін арттырады.
- Биыл жіті ішек инфекциясы балалар мен ересектер арасында өткен жылмен салыстырғанда азайды. Дегенмен тұрғындар сақтық шараларын ұмытпауы қажет. Егер іштің жиі өтуі, құсу, дене қызуының көтерілуі немесе іштің қатты ауыруы сияқты белгілер байқалса, бірден медициналық көмекке жүгінген жөн, - деді А.Нұрғалиева.
Сондай-ақ ол, жіті ішек инфекциясының алдын алу үшін қарапайым санитариялық талаптарды сақтау маңызды екенін жеткізді.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 137
Атырау облысында мемлекеттік медициналық мекемелердің дәрігерлеріне арналған білім беру бағдарламасы басталады. Оқыту жұмысын Еуропалық одақ елдерінен келген жетекші халықаралық мамандар жүргізеді.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 197
Атырау облысында медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Былтыр 40 медицина қызметкері баспанамен қамтылса, қазір тағы 23 маманның құжаттары қаралуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 255
Бұл туралы Атырау облыстық фтизиопульмонология орталығының директоры Байтолла Ғазизов брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 246
Атыраудағы облыстық перинаталды орталықтың неонатология бөлімі бүгінде Қазақстандағы ең озық бөлімшелердің бірі болып саналады. Мұнда заманауи жабдықтар мен тәжірибелі дәрігерлер нағыз ғажайыптарды жасай алады, ал сирек қолданылатын жоғары технологиялық әдістер ең нәзік өмірлерді құтқару үшін қолданылады.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 331
Атырау облысында қызылша ауруының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылып отыр.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 400
Нипах вирусы - жануарлардан (жарқанаттар, шошқалар) адамға жұғатын, сондай-ақ жұқтырылған тағам өнімдері арқылы және науқас адаммен тығыз қарым-қатынас кезінде берілетін қауіпті зооноздық инфекция.
- Информация о материале
- Категория: Денсаулық
- Read Time: 1 min
- : 400
Бруцеллез – медицина саласында малдан адамға жұғатын жұқпалы ауру. Бруцеллез қазақша Сарып ауру деп аталады. Эпидемиологиясы бойынша барлық жерде кең тараған ауру. Инфекция көзі ұсақ мүйізді, ірі қара мал, шошқа және адамдар болып табылады.


