- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 214
UTEBAYEV UNIVERSITY—де «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында жүйелі түрде ұйымдастырылған бірқатар профилактикалық және ақпараттық іс-шаралардың қорытындысы ретінде «Жастар және заң үстемдігі» тақырыбында облыстық форум өтті.
Іс-шараға Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен өңірдегі колледждердің студенттері, оқытушылар құрамы белсенді түрде қатысты. Форумның бірінші бөлімінде медиатр Жанат Асабаева, заңгер Бауыржан Балмағанбетов, психолог Марта Саудабаевалар баяндама жасап, жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу және тұлғалық жауапкершілікті арттыру мәселелеріне тоқталды. Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, нақты өмірлік мысалдар арқылы заң үстемдігінің қоғамдағы маңызын түсіндірді. Студенттер қатысушылармен ашық диалог форматында пікір алмасып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Форум аясында «Safi Quiz» интеллектуалды ойыны өткізіліп, облыстық деңгейдегі тартысты әрі танымдық сайысқа ұласты. Сайыс барысында қатысушылардың құқықтық білім деңгейі, логикалық ойлау қабілеті, жылдам шешім қабылдау дағдылары мен командалық жұмысы жоғары бағаланды. Интеллектуалды ойын жастардың зияткерлік әлеуетін арттырып қана қоймай, өзара ынтымақтастық пен бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға ықпал етті. «Safi Quiz»-дің қорытындысы бойынша Мұнай-газ факультеті, «Болашақ» командасы және Энергетика және құрылыс колледжінің командалары үздіктер қатарынан көрінді.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 226
Атырау қаласындағы Абай орталығында облыстық ата-аналар форумы өтіп жатыр. Отбасы, мектеп және мемлекет арасындағы өзара үйлесімді байланысты нығайту, бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылған форумға спикер ретінде облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов, облыстық әкелер кеңесінің төрағасы Шота Қуанышев, ҚХА республикалық Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Баян Ахатай, сондай-ақ республика Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы департаментінің басқарма басшысы Сәуле Апетова қатысуда.
Жиын барысында отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ананың, соның ішінде әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті күшейту мәселелері кеңінен талқыланып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Отбасы, мектеп, мемлекет үштігі үйлесімді болған жағдайда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады» деген пікірі форумның негізгі өзегіне айналып отыр.
Сондай-ақ білім беру басқармасының бастамасымен жаңа оқу жылында барлық мектепте жүзеге асырылып жатқан кешенді іс-шаралар таныстырылып, «Ұрпағыңмен мың жаса» жобасы аясында әзірленген бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды.
Майра ЕРҒАЛИ
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 7981
Атырау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 14 шетелдік ел аумағынан шығарылды. Бұған қоса өз еркімен ел аумағынан шығу жөніндегі сот шешімін орындамай жүрген Өзбекстанның 9 азаматы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 5765
Атырауда 16 жасар жасөспірімнің адасқанын айтып, полицияға жалған хабар бергені анықталды. Баласының теріс әрекеті үшін анасына 84 мың теңге айыппұл салынды.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 6707
Атырау облысында бір кеште екі қорадағы 50 рулон шөп жанып кетті. Бір қорада 40, ал екіншісінде 10 рулон жиналып тұрған.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 6175
Құрманғазыда 2011 жылы туған қыз суға батып кетті.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 5675
Атырау облысында биылғы 7 айда техногендік сипаттағы 159 өрт оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 11 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапқан.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 5512
Атырауда шомылу маусымы басталғалы 6 адам суға батып кеткен.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 5593
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – құтқарушыларда әрқашан басты назарда! Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылды балалар жылы деп жариялағанын, сондай – ақ «шомылу маусымын» өткізудің белсенді кезеңінің басталғанын ескере отырып, Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды су айдындарында бос уақыттарын өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, оның ішінде өскелең ұрпақты қорғау үшін үлкен жауапкершілік танытуға шақырады.
- Информация о материале
- Категория: Оқиға
- Read Time: 1 min
- : 5510
Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының су айдындарында екі айға созылған «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы кезінде браконьерлерден 21 тонна балық тәркіленіп, 19,7 млн теңге айыппұл салынған еді.


