Құрманғазыда Auyl кафесінің ашылу рәсімі өтті

(0 Votes)

Қазір ауданда кәсіпкерлік кең қанат жайып, нәсібі өрлегендердің қатары артты. Түрлі заманауи нысандар бой көтеріп, тың идеясын жүзеге асырып жүргендер бар. Күн санап сәулеті артқан өңірімізде Еңбекші ауылдық округіне қарасты Кадырка ауылында республикалық «Атырау-Астрахань» жол бойында «Дәулет» жеке қожалығының иелігіндегі «Арлан» моншасы жұмыс жасап келеді.

Міне, осы нысанға жапсарлас енді тамақтандыру кафесі тұрғындар игілігіне берілуде. Инвестициялық-инновациялық жоба бойынша берілген жерге негізінен кемпинг салу жоспарланған. Алдағы уақытта кәсіпкер жолаушылар үшін қосымша қонақ үй, көлік жуу орталықтарын салуды көздеп отыр. Бүгін осы жерде жол үстіндегі шаршауды басып, нағыз дәмді ас мәзірін ұсынған Auyl кафесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Оны ауылда сүт сатып, мал бағып, әлеуметтік желіде Ауыл вайнері атымен танымал Жандос Бақыт есімді азамат ашып отыр. 

Салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Хасанов жергілікті халықты жұмыспен қамтып, тұрғындарға заманауи талапқа сай қызмет көрсетіп отырған кәсіпкерге зор ризашылығын білдірсе, аудандық мәслихат төрағасы Гүлжаннат Қалиева кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін деген ақжарма тілегін білдіріп, «Дәулет» жеке қожалығы иесіне құттықтау хаты мен естелік сыйлығын табыстады.

Салтанатты лента қию рәсімін аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Ізмұханұлы мен кәсіпкерлердің аналары Рая, Ұлмекен әжелер жасады. Алдағы уақытта бұл орын тек тамақтану нүктесі ғана емес келушілердің бас қосатын, қуаныш пен мерекені бірге атап өтетін жайлы ортасына айналатыны анық.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT