Бірлік пен даму: Астанада Жаңа Конституция талқыланды

(0 Votes)

2026 жылғы 17 ақпанда Астанада Достық үйі алаңында «Жаңа Конституция – әділетті және прогрессивті Қазақстанның іргетасы» тақырыбында этномәдени бірлестіктердің жалпы республикалық форумы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, сондай-ақ Парламент депутаттары, қоғамдық құрылымдардың, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен активтері қатысты. Форум жұмысына аймақтық Достық үйлері онлайн-режимде қосылды.

Жиында Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланып, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызы атап өтілді. Спикерлер құжаттың кең қоғамдық талқылау арқылы әзірленгенін жеткізді.

Форум қорытындысы бойынша қатысушылар Жаңа Конституция жобасына бірауыздан қолдау білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT