Бүгінгі референдумнан Сафон ауылдық округінің 92 жастағы тұрғыны Мұғида Жұмақашева да қалыс қалмай, ел болашағы үшін өз таңдауын жасады.
Ол бұған дейін талай саяси науқанға белсене атсалысқанын және әлі де болса тыс қалмауға тырысатынын айтып қалды.
«Бүгінгідей республикалық референдум бұрын-соңды болып көрген емес. Біз алғаш рет ел болып АЭС салуға қатысты өз дауысымызды беріп жатырмыз. Бұл мемлекетіміздің халық пікірімен санасып, бірлесе шешім қабылдауға деген ұмтылысының айқын көрінісі деп білемін. Алдағы уақытта да еліміз үшін маңызды шешімдерді осылай «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» отырып қабылдайтын болсақ, еліміз өркендеп, жағдайымыз жақсара түседі деп ойлаймын. Бүгінгі халықтың таңдауы ертеңгі ұрпақтың сапалы өмір сүруіне оң әсерін тигізетіндігіне сенемін» деген ол «еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын» деп батасын берді.
Әділет АМАНГЕЛДІ