Үздік конферансье анықталды

(0 Votes)

Нұржау ауылдық мәдениет үйінде ауданымыздың жас әрі талантты жүргізушілерінің басын қосқан «Конферансье-2026» байқауы өтті.

Байқау сахна мәдениеті, сөз саптау шеберлігі, тапқырлық пен импровизацияға толы үш кезеңнен тұрды. Қатысушыларды аудан сахнасында тәжірибесі мен талғамы тоғысқан, аудандық мәдени шаралардың тізгінін ұстап жүрген облыстық көркемсөз байқауларының жүлдегерлері Гүлбақыт Ермұратова, Айжанар Гапуова, Раббина Батуова барлық талаптар бойынша саралады.

Нәтижесінде еңбекшілік Самал Зинурова барлық сыннан сүрінбей өтіп, бас жүлдені қанжығасына байласа, І орын үштағандық Саят Жұмағалиевке бұйырды. Ал Сүйіндік ауылдық округінен қатысқан Равиль Орденов ІІ орыннан көрінсе, дыңғызылдық  Асылай Қаленова ІІІ орынды місе тұтты. Соңында әділқазы мүшелері сөз алып, ұйымдастыру алқасы атынан барша үміткерлерді диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT