Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз.
Қысқа мерзімді гранттар саны: 8
Біз төмендегі 8 бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:
• Атырау облысында ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жүрген азаматтар үшін қолөнер мен көркем шығармашылық секцияларын ашу;
• «Креативті кадр» Атырау облысының елдімекендерінің тыныс-тіршілігінен фото-байқау;
• «Киелі мекен» тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау клубы;
• «Legacy» Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасы туралы бейнероликтер циклі;
• «Жайық жырлайды» қазақ поэзиясының құндылығын насихаттауға арналған іс-шаралар кешені;
• «ТАНЫМ» ұлттық құндылықтарды, материалдық емес мәдени мұраны насихаттауға арналған байқау;
• «Zero Waste» (Қалдықсыз) қолөнершілер көрме-байқауы;
• «Адалдық жаршысы» республикалық жазба ақындардың жабық мүшайрасы.
Өтінім қабылдау мерзімі:
Қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 (он бес) жұмыс
күні ішінде 2026 жылғы 16 ақпан мен 6
наурыз аралығында сағат 18:30-ға дейін
Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.
Конкурс және жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/ сайтынан «Гранттар» => «Гранттар туралы хабарламалар» бөлімінен алуға болады.
Байланыс үшін:
+7 (702) 984 98 06
+7 (7172) 79 04 31
+7 (7172) 79 08 07



