Арналар да қазылады

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа депутаттықтан үміткерлер  Жұмажан Шакупов, Замзагүл Карсакова аудандық мәслихатқа депутаттықтан үміткерлер Болат Жүгінісов, Қанат Ғұмаров Құрманғазы  ауылдық округінде болып сайлаушылармен кездесті.

М.Әуезов орта мектебінде болған кездесуде облыстық мәслихаттың депуттатығынан үміткер Жұмажан Шакупов :

– Мына сайлаудың бұрынғыларынан өзгешелігі, бекітілген «Саяси партиялар туралы» және «Сайлау туралы заңға» өзгерістер енгізіліп, түсетін үміткерлер партиялық тізім бойынша барады. «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихатқа 26, облыстық мәслихатқа 6, ал, облыс бойынша облыстық мәслихатқа түсіп жатқан 47 адам, соның бәрі партиялық тізімге енген. Сол сияқты «Ақ жол», «Адал», «Бірлік», «Халықтық партия» тіркеліп отыр. Солардың ішінде «Nur Otan» партиясы халық арасында үлкен беделге ие. Алдағы сайлауда да алдына үлкен мақсат қойып, елге қызмет етуді басты бағдарға алуда. Өзімнің сайлауалды бағдарламама қысқаша тоқтала кетейін. Қазір мәселе болып келе жатқан Шарон, Новинск каналдарын қазуға 5 млрд. теңге ақша бөлініп, жұмыстар жүріп жатыр, келесі жылы бітеді. Аудан әкімінің жасаған бағдарламасына сай 245 шақырым көлшіктерді, арналарды қазу, тазалау жоспарда бар. Екінші мәселе түп-тереңдетумен айналысқан бұрынғы «Арна» мекемесін қайта оралту. Кезінде онда 100 шақты адам жұмыс жасады. Кері ашылса біраз адам жұмыспен қамтылады. Осыны облыстық мәслихатқа депутат болсам көтеремін. Балық шаруашылығына тоқталсақ, мұндағы мәселе жылма-жыл Үкіметке төленіп отырған ақшаларымызды азайту. Ресейде табиғат пайдаланушы 1 кг балыққа 1 теңгеге жетер-жетпес ақша төлесе, ол бізде 35-36 теңге. Соны бір деңгейде ұстау керек деген ұсыныс бердім, жоспарымда бар. Төртінші мәселе Атырау-Құрманғазы пойызын шығаруға күш саламын, - деп Бірлік ауылында клуб салуға да ықпал етуге уәде берді.

Облыстық мәслихат депутаттығынан үміткер Замзагүл Карсакова:

–Жергілікті атқарушы органдар мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Кез-келген өркениетті және құқықтық мемлекет үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес өзекті мәселенің бірі. Осыған орай, Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағытының бастысы осы зұлымдықпен күресу. Бұл үшін азаматтарға жеке кілтті, яғни, электрондық цифрлық қолтаңбаны алу жөніндегі рәсімдерді оңтайландыру, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы онлайн берілетін құжаттардың дерекқор базасының жұмысын күшейту, электронды форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің рәсімдік қадамдарын азайту қажет. Сондай-ақ аудан әкімдіктеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия жыл сайын 50 сұрақтан кем емес мәселені қарауына ықпал етуге тиіспіз. «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынылатын мемлекеттік қызметтерді 100, мемлекеттік қызметтің электронды түрде көрсетілу көрсеткішін 90 пайызға жеткізу алға қойылып отыр. Бұдан басқа «Халыққа көмек» партиялық жобасы арқылы жергілікті атқарушы органдардың тұрғындарды ұйымдасқан түрде қабылдауын және көтерілген мәселелерді созбаққа салмай «Дәл осы жерде және қазір» қағидасымен нақты заңға сәйкес мерзімінде шешу басты мақсат болып табылады. Халықпен кері байланыс орнату мақсатында «Телеграмм» әлеуметтік  желісінде чат ашылып, сол арқылы ауданда болып жатқан түрлі мәселелер бақыланып, оның шешімін табудың жолдары назарда ұсталады. Жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне толық ішкі талдау жүргізу ықпалды шаралармен қамтамасыз етіледі, - деді.

arnalar-da-azylady2

М.Әуезов орта мектебінің директоры Марат Ғилаев үміткерлерге орталарына келіп жатқандары үшін ризашылығын білдіріп:

– «Nur Otan» партиясы білім саласының дамуына үлкен мән беруде. Оны жақсы сезініп жатырмыз. Материалдық-техникалық базамыз өте жақсы. Компьютерлер мен басқа да қажетті заттар түгел келіп тұр. Сол себепті қазіргі қиын жағдайда да жұмыс тиісті дәрежесінде жүруде. Біз партияны қолдап дауыс береміз деп үміткерлерді сендіреміз, - дей келе оларға алдағы сайлауда сәттілік тіледі.

arnalarda-azylady

Одан әрі облыстық мәслихат депутатығынан үміткерлер канвассинг өткізіп, медицина саласының ардагері Зейнетолла Ақпановтың, еңбек ардагері Ұзақ Жәдіғұловтың, алтын алқа иегері, ардагер ұстаз Жәннат Құрманғалиеваның үйлеріне барды. Ардагерлермен кездесуде үміткерлер тарапынан партияның алға қойып отырған мақсаттары, ауданның даму бағыттары қысқаша түсіндіріліп, сайлауға  отбасымен бір кісідей қатысып, дауыс беруге шақырылды. Үміткерлердің бұл сапарына ардагерлер риза болды.

Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген, былтыр облыстық «Әжелер сайысында» бас жүлде иеленген, ардагер ұстаз Жаннат Құрманғалиеваның үйінде болғанымызда алтын алқа иегері:

– Кезінде көрген бейнетіміздің енді зейнетін татып отырмыз. Облыстық мәслихатқа түсіп жатыр екенсіңдер, елдің адамдары қайда жүрсе де аман болсын деп тілейміз. Жолдарың болып, мақсаттарыңыз орындалсын. Ұрпағымыз, жастарымыздан үлкен үміт күтеміз. Қазіргі заманда бәрі бар. Газ, су үйге келіп тұр. Атам, енем 92-ге келіп өмірден өтті. Олардың кезінде, сонау тоқсаныншы жылдардың ортасында 2000 және 2020 жылдарға арналған бағдарламалар жасалды. Ол уақытта бұған кім жетеді деп ойлайтынбыз. Бүгінде солардың рахатын көріп жатырмыз. Тәуелсіздік жылдары туғандар отызға жетіп қалған екен. Бек ризамын, халыққа жағдай жасалып отыр. Бізге тек соған қанағат ете білу керек, - деп батасын берді.

arnalar-da-azylady5

arnalar-da-azylady-3

Қанат ЗАРЛЫХАНҰЛЫ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521