ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚҰРҒАҚ ПОРТТА 10 ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ САЛЫНАДЫ

(0 Votes)

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Жетісу облысындағы «KTZE-Khorgos Gateway» құрғақ портында болып, 10 сұрыптау жолы мен вагондарды жөндеу жолының құрылысына капсула салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қайта тиеу терминалының өңдеу қуатын 1,5 есеге арттырып, порттың клиенттік базасын ұлғайтуға оң ықпал етеді. Қазақстан мен ҚХР шекарасындағы құрғақ портта жылына 540 мың 20 футтық контейнер өңделеді. Жаңадан салынатын 10 сұрыптау жолы осы көлемді 2025 жылы 800 мың 20 футтық контейнерге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Нұрлан Жақыпов, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

- Мұхиттарда жүзетін ең үлкен контейнер тасушы кеме бір мезетте 14500 контейнер таси алатынын ескерсек, бұл дегеніміз алдағы уақытта Қорғастағы құрғақ порттан жыл сайын 55 ірі контейнер тасушы кеме өтеді деген сөз. Демек біздің еліміз сондай үлкен теңіз державасына айналып келеді. Қытайдан Еуропаға және Орталық Азияға жүк ағыны жылына 20-30%-ке ұлғайып жатыр. «Жүк ағыны артқан сайын құрғақ порттағы терминалдың инфрақұрылымы модернизациялауды талап етеді. Бұл транзиттік әлеует «Қазақстан темір жолы» компаниясының ғана емес, республикалық бюджетті еселеуге оң ықпал ететін болады», - дейді сарапшылар.

Ерлан Қойшыбаев, «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ төрағасының логистика жөніндегі орынбасары:

- 6 айдың ішінде Қытай мен Қазақстанның жүк тасымалдауы 13 млн тонна болды. 26%-ке өсті. 23%-ке контейнер тасымалдау өсті. Жалпы Қазақстанның жүк айналымы 6 айдың ішінде 9% пайыз өсу көрсетуде. Қытайдан Әзербайжан, Иран, т.б. мемлекеттермен бүкіл транзиттің көлемі – 38%. 6 айдың ішінде өсу көрсетіп жатыр. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қорғас шекара маңы ынтымақтастығы орталығында болып, «Қазпошта» бөлімшесінің ашылуына да қатысты. Жаңа бөлімше арнайы экономикалық аймаққа келушілердің ақша аударымдарын жасап, тауар тасып, емін-еркін логистикалық қызмет алуына мүмкіндік береді.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521