Азия чемпионаты: Қазақстан каратэшілері 1 орында тұр

(0 Votes)

Малайзияның Малакка каласында WKF каратэден ересектер арасында өтіп жатқан ХІХ Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы алты медальды қанжығаларына байлады.

Қазақстан құрамасының қоржыны екі алтын, екі күміс, екі қола медальмен толықты. Жарыстың екінші күні кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (-75 келі) пен Қайсар Алпысбай (-60 келі) чемпион атанса, күміс жүлдеге қол жеткізгендер Мөлдір Жаңбырбай (-50 келі) мен Гүлмира Үсенова (-55 келі), сондай-ақ Данияр Юлдашев (-84 келі) пен Абылай Төлтай (+84 келі) қола медальдарды жеңіп алды.

Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келеді. Келесі орындарда Иран мен Иордания құрамалары тұр. egemen.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика