Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен ҚР аумағына ағымдағы жылдың 16-21 қараша күндері аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен мал ұрлығына байланысты республикалық өңірлік "Мал ұрысы" атты жедел-профилактикалық іс-шара өтуде.
Мал ұрлығы - тіптен «жауыр» болған тақырып. Қоғамның өзекті проблемасы аталғалы да қашан? Еліміздің қай аймағын алсақ та, жыл сайын соғым науқанында ірі қараларынан қапыда көз жазып қалушылар көбейеді.
Ұрлатқандардың қанша жыл осы малды бағып, тер төккені бір-ақ сәтте зая кетеді. Негізінде жайсыз жайтқа басты себепкер – тұрғындардың өзі болады екен. Мәселен, сиырын қараусыз қалдырады. Оның ішінде үйден ұрланғаны да бар. Мал ұрлығына талдау жасағанда оның 90 пайызы иелерінің малды қадағалаусыз жіберетінімен байланысты, жайылымнан жоғалған мал - қылмыскерлерге оңай олжа.
Сол себепті Құрманғазы АПБ қызметкерлері мал ұрлығын болдырмау, алдын алу мақсатында аудан тұрғындарына малды көзден таса етпеуді, түнгі уақытта жайылымда қалдырмауды ескертеді. Іс-шара барысында мал тасымалдауға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабы «Ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу» аясында 5 дерек анықталды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 408 бабы «Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу» заңнамасына сәйкес 12 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді. Рейдтік іс-шара жалғасуда.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі