Ерлік ел жадында: Шалқар Ақымғалиевтің рухына арналған патриоттық жиын өтті

(0 Votes)

Атырау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №47 жалпы білім беретін орта мектепте 24 жасында өзге жанды ажал аузынан арашалау жолында ерлікпен қаза тапқан атыраулық полиция сержанты Шалқар Ақымғалиевтің ерлігін дәріптеу мақсатында патриоттық жиын өтті, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Іс-шараға Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев пен полиция қызметкерлері, сондай-ақ қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова мен қала мектептерінің директорлары қатысты. Жиын барысында жас батырдың анасы Ләззат Мәженқызы мен қарындасына арнайы сый-сияпат пен гүл шоқтары табысталды.

⁃ Шалқар Ақымғалиев осы №47 мектептің түлегі. Батырдың жарқын бейнесін жас ұрпаққа үлгі ету мақсатында Атырау облыстық полиция департаментінің қолдауымен білім ордасында арнайы полиция кабинеті ашылды. Оқушылар біздің болашағымыз, барлық ұстаздар қауымы олардың рухани да дамуына үлес қосамыз, - деді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT