«АрнаулыАвтобаза» ЖШС 5 жаңа техникамен толықты

(0 Votes)

Кәсіпорын Jac маркалы камаз автокөліктерін сатып алды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

 Кәсіпорын директорының орынбасары Ұзақ Тусаевтың айтуынша, арнаулы көліктер «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арқылы жеңілдетілген несие есебінен алынған.

Қазір сатып алынған 7 көліктің бесеуі жеткізіліп, қолданысқа берілген, ал қалған екеуі жуырда әкелінеді.

Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде іске асырылып жатыр. Қазір жасыл экономиканы дамыту шеңберінде өңірдегі 5 кәсіпорын жеңілдетілген қаржыландыру арқылы арнайы техника сатып алған, - деді Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерболат Омаров.

Бүгінде күн сайын 87 арнайы техника жұмыс істейді, оның 23-і – қоқыс жинайтын көліктер. «АрнаулыАвтобаза» ЖШС-де шамамен 800 адам еңбек етеді. Автопарктің жаңаруы коммуналдық қызмет сапасын арттырып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға мүмкіндік береді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT