МИЛАН. KAZINFORM – Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарының ерлер арасында мәнерлеп сырғанаудан жекелей бәсеке өз мәресіне жетті.
Еркін бағдарламада қазақстандық Михаил Шайдоров жарыс жолына шығып, сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз «Confessa» және «The Diva Dance» әнін таңдады. Сонымен қатар, Михаил алғашқы техеикалық элементке үштік аксель, бір эйлер және төрттік сальхау жасап, сәтті орындап шықты.
Қорытындысында, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы техникалық элементтер орындаудан 114.68 ұпай, ал бағдарлама компоненттерін орындауда 83.96 ұпай еншіледі.
Осылайша, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламадағы 92.94 ұпай және еркін бағдарламадағы 198.64 ұпайды қосқанда 291.58 ұпаймен бірінші орыннан көрініп, қысқы Олимпиада ойындарының алтын жүлдесін жеңіп алды. Жапондық Юма Кагияма және Сюн Сато үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетерлігі, бұл Қазақстан құрамасының 2026 жылғы қысқы Олимпиадасындағы алғашқы және қысқы Олимпиада тарихындағы екінші алтын медалі. Сонымен қатар, Қазақстан қысқы Олимпиада ойындарында араға 8 жыл салып жүлде еншіледі. Мәнерлеп сырғанау спортынан соңғы рет қазақстандық Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасында қола медаль жеңіп алған болатын. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада бесінші орын алды


