Жаңа Конституция: өзгерістердің мəні: бүгін Астанада жаңа Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

(0 Votes)

Жаңа Конституция қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді – Астанада «Референдум–2026» онлайн-марафоны өтуде

Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты талқыланады.

«Ток-шоу» және «Сараптау: бұрын және қазір» алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік - бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік» тақырыптары бойынша пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы айтады. Сонымен қоса, Конституция жобасына бей-жай қарамаған отандастарымыздың жолдаған ұсыныстарының Конституция баптарында қалай көрініс тапқаны туралы айтылып, халықтың тілегі ескерілген құжаттың жаңа жобасы таныстырылады.

Спикерлер қатарында ҚР Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Ермұрат Бапи, Мұрат Әбенов, Асхат Аймағамбетов, Мемлекеттік басқару академиясы Басқару институтының директоры Құралай Садықова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева және өзге де қоғам өкілдері бар. 

Іс-шара республикалық телеарналар мен интернет-порталдардың YouTube және Facebook платформалары арқылы тікелей эфирде көрсетілуде.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT