«Жас сақшы» полиция сыныбына экстремизмнің алдын алуға бағытталған дәріс өтті

(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық қорының теолог маманымен бірлесіп, «Жас сақшы» полиция сыныбына экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында дәріс өткізді.

Мақсаты – жастар арасында экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуына жол бермеу және олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара барысында жастарға радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін кері әсері, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың арбауына түсудің алдын алу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, интернет желісіндегі күмәнді ақпараттардан сақ болу, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен қамтылды.
Аталған профилактикалық шара қала аумағындағы 2 білім беру ұйымдарына және 7 аудандағы мектептерде ұйымдастырылып, оқушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT