Шектеу шаралары ұзартылды

Рейтинг: 0 / 5

Құрметті Атырау қаласының тұрғындары Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес COVID-19 пандемиясына байланысты эпидемиологиялық ахуал тұрақталғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды.

Бұған қарамастан, кейбір тұлғалармен қабылданған шектеу шаралары сақталмауда.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес коронавирус инфекциясының таралған кезінен бастап қала аумағында 5 307 адам науқастанып, өкінішке орай соның ішінде 99-ы бұл індеттен қайтыс болған.

Шектеу шаралары кезеңінде 324 тұлға айыппұл жазасына тартылды. Тек, өткен аптаның ішінде түрлі іс-шараларды өткізумен байланысты - 32 құқық бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мейрамханалардағы мерейлік, салтанатты шаралар - 8, түңгі мезгілде кафе-бар қызметі - 13, Бас санитариялық дәрігерімен тыйым салынған объектілер (кинозал, компьютер клубтары) - 3  және т.б.

Қала прокуратурасы коронавирустық инфекцияның алдын алу мақсатында барлық азаматтарды шектеу шараларын сақтауға шақырады, сондай-ақ шектеулерді бұзған жағдайда қызметін тоқтатуға дейінәкімшілік жауаптылық көзделгендігін ескертеді.

Шектеу шараларының бұзылуына куәгер болсаңыз мобильдік топтың +7-708-101-20-63 («What’s app» мессенджері арқылыда хабарлауға болады) немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарлау сұралады.

 Атырау қаласының прокуратурасы

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика