Алғашқы сенбілік

(0 Votes)

Жыл маусымының көктем және күз мезгілдерінде тазалықтың, көріктендіру мен көгалдандырудың екі айлығы жарияланатындығы белгілі. Осыған орай, өткен сенбілікте Құрманғазы ауылдық округі бойынша 80 мекеме өз ғимараттарының айналасын тазалап, қыс бойы жиналған лас-қоқыстардан арылтып, тал-теректердің түбін қопсытты. Округ жанынан бөлінген арнайы техникалар арқылы 35 тонна күл-қоқыс шығарылды.

Ауыл-аймақтың тазалығы сын көтермейтіні туралы газет беттерінде, әлеуметтік желілерде жиі жазылуда. Бұл өзекті мәселеге жан ауыртқан аудан әкімі Бибоз Шаяхметов тұрғындар белсенділігінің төмендігін әр жиналыстарда тілге тиек етіп, олардың тек 20 пайызын ғана жалпы сенбілікке шығару мүмкін болып отырғанын айтып ренішін білдіруде. Ауыл тазалығын жіті назарда ұстайтын Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім осы бағытта тұрғындармен жыл сайын жиналыс өткізуді дәстүрге айналдырды. Сондықтан алдағы өтетін сенбілікке бір кісідей ұйымшылдықпен қатынасу сұралады.

Адам денсаулығының кепілі болған ауылдың тазалығына әрқайсысымыз өз үлесімізді қосып, лас қоқыстардан арылтып, жас көшеттер егіп, ағаштардың түбін қопсытып, төңіректі көріктендіруге жұмыла кірісейік, ағайын!

А.Шакупова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521