Биылғы жылы келетін Құрманғазы ауданының 95 жылдығына орай жастар арасында кіші аяқ добынан аудандық жарыс өтті.
Доп додасына Теңіз, Жаңаталап, Амангелді, Ақкөл, Шортанбай, Еңбекші ауылдарының және үлкен Ганюшкин, РТС ықшамаудандарының командалары қатысты.
Жарыс қорытындысымен Теңіз командасы бірінші, үлкен ганюшкиндіктер екінші, еңбекшіліктер үшінші орындарға көтерілді. Жаңаталаптықтардың еншісіне «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесі тиді. Жекелеген ойыншылардан Забиев Азамат (Теңіз а/о) үздік ойыншы, Сүндетов Алдияр (үлкен Ганюшкин) берік қақпашы атанды. Аталғандардың барлығы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің кубогы мен дипломына ие болды.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ