Департамент бастығы Махамбет және Индер аудандарына барды

(0 Votes)

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Оңал Бекеев қызметтік іссапармен Махамбет және Индер аудандарына барды.
Іссапар барысында департамент басшысы аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және тұрғындармен кері байланысты нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар, жедел-қызметтік бағыттағы көрсеткіштер сараланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер айқындалды. Сапар аясында учаскелік полиция пункттері мен бекеттері араланып, олардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі тексерілді. Қызметтік автокөліктердің, арнайы құрал-жабдықтардың жай-күйіне ерекше назар аударылды. Индер ауданында учаскелік полиция пунктінде ашылған профилактикалық кабинеттің жұмысымен танысып, профилактикалық бағыттағы шаралардың тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берілді.
Сондай-ақ, департамент бастығы аудан тұрғындарымен және бірқатар кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Көтерілген мәселелер бойынша заң аясында шешім қабылдау үшін тиісті тапсырмалар жүктелді.
Жеке құрамға қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, халықпен ашық әрі тиімді жұмыс жүргізу, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту және түсіндіру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру жөнінде нақты міндеттемелер қойылды.

Атырау облысы полиция департаментінен

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT