ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІКТЕР ЖӘНЕ ДОСТЫҚ ҮЙІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

(0 Votes)

«Есіл» ауданында этномәдени бірлестіктердің өкілдері және Достық үйінің қызметкерлерімен кездесу өтті.

Еркін форматтағы ашық әңгіме барысында қатысушылардың сауалдарына түсіндірме беріліп, азаматтық сектор өкілдерінің конституциялық қағидаттарды іске асыруға қатысу тетіктері талқыланды. Диалогтың тұрақты даму мен қоғамдық сенімді нығайтудың негізгі құралы екені атап өтілді. Іс-шараны «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы ұйымдастырды.

Кездесу барысында, сонымен қатар, Жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және олардың қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтудағы маңызы түсіндірілді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT