«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аудандық коалициясының өкілдері Құрманғазы ауылындағы «Құрманғазы жолдары» ЖШС-де жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны түсіндіріліп, оның ауыл еңбеккерлері үшін маңызы жан-жақты талқыланды. Коалиция мүшелері Ерлан Хисметуллин, Замзагүл Карсакова, Есболат Кубашев және Әнуарбек Сабитов конституциялық реформалар жөнінде мағлұмат берді.
Жаңа Ата заңның негізгі қағидаты – мемлекет адам үшін. Құжатта еңбек адамының құқығын қорғау, адал еңбекті қадірлеу, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және меншікке қол сұқпаушылық қағидаттарын күшейтуге басымдық берілген. Еңбекқор азаматтар елдің басты байлығы болып белгіленсе, ал адал еңбек экономикалық өсім мен қоғам тұрақтылығының негізі болып айқындалды.
Ауыл еңбеккерлерімен кездесуде заң мен тәртіпті нығайту, мемлекеттік қолдаудың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету, ауыл экономикасының тұрақты дамуына құқықтық негіз қалыптастыру мәселелері де сөз болды.
Коалиция өкілдері алдағы уақытта да ауыл-аймақтарда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, еңбек адамына құрмет қағидатын орнықтыруға және қоғамды ортақ мақсат – Әділетті, Қуатты және Прогрессивті Қазақстан құру жолына топтастыру бағытында жүйелі жұмыс болады.



