Қоғам үшін маңызды саналатын бірқатар бағыттардың Конституция жобасында көрініс табуы бірлесіп жүргізген жұмыстардың нақты нәтижесі – Серік Егізбаев

(0 Votes)

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының жетекшісі Серік Егізбаев қоғам үшін маңызды бірқатар бағыттардың Конституция жобасында көрініс табуын бірлескен жұмыстың нақты нәтижесі деп атап өтті.

Оның айтуынша, бұл өзгерістер халықтың ұсыныс-пікірлерін ескере отырып жасалған. Әсіресе әлеуметтік әділеттілік, ауылды дамыту және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелеріне басымдық берілгені маңызды.

Депутат мұндай қадамдар елдің тұрақты дамуына және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға оң ықпал ететінін жеткізді. Сонымен қатар, ол алдағы уақытта да қоғам мүддесіне сай бастамалар жалғасатынын айтты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT