З.Исмагулов халық театры жаңа қойылымды сахналады

(0 Votes)

З.Исмагулов атындағы халық театры Құрманғазы ауданының 95 жылдығына және ауданымыздың мәдениет саласын ұзақ жылдар басқарған, белгілі өнер майталманы, драматург, театр жанашыры, марқұм Рахмет Ерғалиевтің туғанына 80 жыл толуына орай оның "Есірген әке, есті ұл" атты бір актілі, екі көріністі қойылымын аудан жұртшылығына ұсынды.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде өнер ұжымының көрінісін тамашалауға келген көрерменнің қарасы мол болды. Драманың аты айтып тұрғандай, үнемі ішімдікке тойып жүретін әке мен есті ұл арасында туындаған кикілжіңді көрсеткен спектакльде жадыға түйер көп дүние бар. Басты рөлде ойнаған театр режиссері С.Саламатов – Үдербай қойма меңгерушісі «есірген әке» образын сомдаса, жұбайы – Г. Тілегенқызы, есті ұл Нұржан – Қ.Ажыханов, жас келіні – М.Тасимова, Ольга саудагер – Ж.Талапқалиқызы, милиция – Н.Түсіпқалиев, анасы – А.Абуғалиева өз рөлдерінде шебер ойнап, әртістер әрқайсысының жеке образдарын аша білді.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT