Шабақ құтқарудың шарасы алынуда

(0 Votes)

Маусым айында өзендегі су деңгейі төмендеп, қайтқан сумен ірі балықтар шабақтарымен бірге өзенге оралады. Алайда шабақтардың бір жартысы үлгере алмай, бөлінген суда қалып қояды.

Ыстықта суы азайған тоғандарда оттегі күрт азайып, уылдырықтан жарып шыққан шабақтарға ажал қаупі төнеді.

Ағымдағы жылдың  сәуір айынан бастап жылдағыдай өр суы келуіне,  өзектер мен өзекшелерге,  каналдар мен сайларға,  жайылымдарға балықтар уылдырық шашуға  көп  көлемде кіруіне байланысты, балық шабақтарының тұншығуына  қауіпті  болып саналатын су айдындарын және басқада бөлініп қалған көлшіктерді бақылауға алып, шабақ құтқару мақсатында «Каспий–Балық» өндірістік кооперативіне бірнеше учаскелер бөлінді. Қазір балықшылар көлшіктерде қалып қойған шабақтарды тасымалдап немесе шағын жыраларды қазу арқылы негізгі арналарға жеткізу үшін тынбай еңбек етіп жүр. Балық қорын сақтау мақсатында Теңіз, Құрманғазы ауылдық округіне қарасты «Щучинный», «Бүргем», «Гусинный», «Колпин», «Кабаный», «Утеринский» учаскелерінде аталған кооператив жұмысшылары өз істерін жауапкершілікпен атқаруда .

Өр суы тоқтап, негізгі арнадан бөлініп қалған жағдайда балық тұншығуына қауіпті  жерлерді  арнайы бөлінген кооператив қызметкерлері және жұмысшыларынан құрылған  топтың  үнемі бақалауында болғандықтан, мезгіл-мезгілімен шабақтар құтқарылатын болады.

 

«Каспий балық» өндірістік кооперативі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT