Облыстық аналар слеті өтті

(0 Votes)

Атырау қаласында Достық үйінде «Өнегелі ана – ізетті қыз» тақырыбында облыстық аналар слеті ұйымдастырылды. Слетті модератор, облыстық білім басқармасы «Дарын» орталығы директорының орынбасары Злиха Дүйсекенова ашып, жүргізіп отырды.

Алдымен облыстық мәслихаттың депутаты, «Атырау облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлы Әйтиева слет делегаттарына қош келдіңін айтып, шараға сәттілік тіледі. «Ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі» туралы ардагер ұстаз, Мақат ауданының Құрметті азаматы Дәмен Алтаева салиқалы ой өрбітсе, «Байырғы салт-дәстүрімізді заманауи үлгіде отбасына енгізу» жөнінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Жамиға Таңатарова сөз тарқатты. «Ата-ананың міндеті елімізді одан әрі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында баяндама жасаған облыстық мамандандырылған кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотының төрайымы Айгүл Ташенова ерте жыныстық қатынасқа барудың былтыр аймағымызда 9 дерегі тіркелсе, биыл оның саны 16-ға дейін өскеніне алаңдаушылығын білдірді. Отбасының қадір-қасиеті, жанұя мүшелерінің орны, Құрманғазы ауданындағы аналар кеңесінің жұмысы туралы аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова жан-жақты айтып өтті. «Отбасылық саясат саласындағы жетістіктер мен өзекті мәселелер», «Отбасылық дәстүрлі тәрбие» жөнінде Мақат ауданы әкімінің орынбасары, көпбалалы ана Оксана Айқашева, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжінің директоры Мақсат Өсербаева баяндама жасады. «Облыстық іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Нұрлы Әйтиева әр тақырып бойынша жан-жақты талдау жасаған спикерлерге рахметін айтып, әр ауданнан келген белсенді аналар мүшелерін облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттады.  

analar-sleti  

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521