Балаға – мұқият, отқа - сақ болайық!

(0 Votes)

Тәжірибе көрсеткендей, көбіне өрт оқиғалары балалардың отпен ойнауынан, үлкендер тарапынан бақылаудың жетіспеуінен, бос уақытын дұрыс ұйымдастырмауынан орын алуда.

Біздің тұрмысымыздың бір бөлшегі болып саналатын сіріңке, газ плитасы,  қол шамы жанғыш материалдарды тұтандыратын қасиеті бар екендігін әрқашан естен шығармау қажет, ал кейде қараусыз қалған балалар сол заттардың бойында қауіптің тығылып жатқанын біле бермейді.

Балалардың әрекеттеріне ең алдымен үлкендер жауапты екенін естен шығармағанымыз жөн. Сол себепті олардың көзінше темекі шекпеуді, қараңғы бөлмені жарықтандыру үшін қағаз жақпауды, сіріңкені қол жетімді жерде сақтамауды қадағалаған абзал.

 

 Қайрат Алмабек,

 аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің

инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521