Атқарылған жұмыс – ауқымды

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиал ғимаратында «Nur Otan» партиясы аудандық ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Оны аталмыш партияның аудандық филиалының төрағасы М.Мурзиев ашып жүргізді. 2083 партия мүшесінен санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, 30 делегат қатысты. Олардың қатарында «Nur Otan» партиясының Құрманғазы аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері бар. Күн тәртібіне сай 3 мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019 - 2020 жылдары атқарған жұмыстарының есебі туралы аудан әкімі М.Мурзиев хабарлама жасады. Жарыссөзге алғаш болып жазылған аудандық мәслихат хатшысы Б.Жүгінісов партия жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі ретінде жасалған жұмыстарға оң баға берсе, аудандық мәслихат депутаты Г.Болатбаева шағын және орта бизнесті дамыту бағытында өз ойын ортаға салды. Мәслихат депутаты Т.Жұмалиев қолөнер шебері ретінде осы күнге дейін жеткен жетістіктерін тілге тиек етіп, аудан жастарын кәсіпке баулудың маңыздылығын алға тартты.

img-20210429-wa0047

«Nur Otan» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының Саяси кеңесі құрамы бекітіліп, «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалының ХХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясына 7 делегат сайланды. Конференцияны қорытындылаған «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасы М.Мурзиев ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн форматта өткен кеңесте Атырау облысын дамытуға бағытталған бірқатар мақсат-міндеттерді атап өткенін, аймақта бұл бағытта кешенді жоспар жасақталып, аудандарға нақты тапсырмалар берілетінін жеткізді. Оның ішінде Құрманғазы өңіріне қатысты үлкен перспективалық жобалар жүзеге асатынын айтып, оны жоғары деңгейде сапалы атқару басты назарда ұсталатынын қаперге берді. Аталмыш жұмыстардың орындалысын партия, мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері қатаң қадағалауы қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, елдегі пандемиялық ахуалға орай халық арасында вакцинацияның тиімділігі жөнінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтудің маңыздылығын жеткізді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521