Ақпарат таратпас бұрын оның салдары туралы ойланыңыз!

(0 Votes)

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН-10 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТҮРМЕГЕ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ!

Ақпарат тұтынушылардың көбі мәліметтің рас-өтірігін ажырата алмайды. Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге жалған хабарламалар көптеп тарайды. Қоғамдық қауіпсіздікке қауіп-қатер туғызатын, азаматтарға, ұйымдар мен мемлекетке зиян келтіретін көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті.

Бұл ретте, жасаған осындай әрекеті үшін қылмыстық жауаптылық барын әркім біле бермейді.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексте көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген ( ҚР ҚК-нің 274-бабы). Өзіңіз көрінеу жалған ақпарат таратудан сақ болыңыз және туыстарыңыз бен жақындарыңызды көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертіңіз!

АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521