1 наурыз - Алғыс айту күні

(0 Votes)

Құрметті Құрманғазылықтар!

Сіздерді көктемнің алғашқы шуақты мерекесі 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды Қазақстанда «Алғыс айту» күні деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойып, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында жыл сайын 1 наурызды барлық этностардың бір-біріне және оларға мейірбандық танытып, өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтуді ұсынған болатын. Алғыс айту күні – бұл ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестіктің, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметінің орнығуына негіз болған еліміздегі бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, тағдыр тоғыстырған көп этносты халқының ортақ тарихын құрметтеуге, қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдауға шақыратын бұл күннің маңыздылығы ерекше.

Сонымен қатар, жаһанды жайлаған пандемия кезінде көмекке мұқтаж, қамкөңіл жандарға қол ұшын созып, жоғары азаматтық қасиеттерін танытқан еріктілерге, кәсіпкерлерге және өз мамандығына адалдық танытқан ақ халатты абзал жандарға осы айтулы мереке қарсаңында, атқарып келе жатырған игілікті де қайырымды істері үшін баршы аудан жұртшылығы атынан шексіз алғысымды білдіремін.

Баршаңызға мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, жемісті еңбек, отбастарыңызға береке-бірлік пен шаттық, тілеймін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Құрметпен, аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521