Қазақстанның мұнайлы астанасында Atyrau Oil&Gas көрмесі өтеді

(0 Votes)

6-8 сәуірде Атырауда «Атырау мұнай және газ» Солтүстік Каспий аймақтық көрмесі өтеді – бұл Атырау облысындағы  дәстүрлі және көп күткен жаңалығы болатын. Ол жыл сайын сала көшбасшыларын, жетекші компанияларды біріктіреді, сонымен қатар кәсібін жаңадан бастағандар үшін тиімді бастамаға айналуда.

Сонымен қатар, «Atyrau Oil&Gas» - өнімді салалық нетворкинг алаңы болып табылады және барлық нарық қатысушыларына көрмеге қатысушылардың өнімдерімен, қызметтерімен танысуға, өзекті мәселелерді талқылауға және тиімді келісімшарттар жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ,  көрмеде жетекші компаниялардың семинарлары өткізілуде. Осылайша, үш күн ішінде көрме қатысушылары мен қонақтары Теңізшевройл, NCOC, Каспий құбыр консорциумы-К, КМГ Инжиниринг, Rosen Europe, AYACOM, APEC Training Centre ЖШС семинарларына қатыса алады.

Биылғы жылы Atyrau Oil&Gas көрмесінде Беларусь, Қазақстан, Нидерланды, АҚШ, Ресей және Туркиядан 60-тан астам компания қатысады. Атырау облысын 14 компания таныстырады, қазақстандық қатысушылардың жалпы саны - 45 кәсіпорын. Атырауда алғаш рет ұжымдық экспозицияны Башқұртстан Республикасы мен Ярославль облысы ұсынады.

Көрме Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, Атырау облысы әкімдігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ, «Kazenergy» қауымдастығының, «KazService» Одағының, Petrocouncil және Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының ресми қолдауымен өтуде.

Атырау мұнай-газдың ресми  серіктестері – Теңізшевройл, Каспий құбыр консорциумы-Қ және AYACOM.

Шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы.

Көрме Әбілқайыр хан даңғылы, 58-де орналасқан   Абай орталығында өтеді.

 

Atyrau Oil & Gas көрмесінің негізгі іс-шаралары:

6 сәуір, 10.30 - ресми ашылу және VIP тур;

6 сәуір сағат 11.30 - "Атырау облысының мұнай-газ саласын дамыту" пленарлық отырысы,"Абай" орталығының бас конференц залы;

6-8 сәуір, 10.00 – 17.00-компаниялардың семинарлары.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін:  +7 771 901 24 24 нөміріне  хабарласыңыз.

 

https://oil-gas.kz/kz

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

25qazan-respublika

Фотогалерея

Сауалнама

Вакцинаға көзқарасыңыз қандай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика