Жас спортшылардың жеңісі

(0 Votes)

2026 жылдың 12-15 ақпан аралығында кикбоксингтен Шымкент қаласында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған 500-ге жуық жас спортшылар өзара мықтыны анықтап, жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетті.

Аталмыш додада Бөкейхан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жас спортшылары табысты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Тартысты бәсеке нәтижесінде Сайын Алихан – 2-орын, Жамбырбай Айқын 3-орын иеленді.

Жарыс барысында спортшыларымыз табандылық пен қайсарлықтың үлгісін танытып, қарсыластарынан басым түсті. Бұл жетістік – олардың күнделікті тынымсыз жаттығулары мен спортқа деген жауапкершілігінің нәтижесі.

Жас спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Нұрлыбек Сәрсенғалиев. Тәжірибелі бапкер шәкірттерінің шеберлігін шыңдап, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетуіне зор үлес қосты.

Аталған жетістік – мектеп ұжымы үшін үлкен мақтаныш. Жас спортшыларымыз бен жаттықтырушыға алдағы жарыстарда толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз.

Қуаныш Зайыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT