Волейбол жарысында

(0 Votes)

Тәжік - Ауған шекарасында әскери борышын өтеген сарбаздарды еске алуға арналған волейболдан ардагер спортшылар арасында ашық облыстық турнир өтті.

Оған ауданымыздан 4 команда қатысты. Тәжік - Ауған соғысының ардагерлері, Құрманғазы, Еңбекші, Қиғаш ауылдарының ардагерлер командалары қатысты. Жарыс қорытындысымен І орынды Құрманғазы ардагерлер командасы жеңіп алды. ІІ орыннан Қиғаш ауылы ардагерлер командасы көрінсе, ІІІ орынды Еңбекші ауылы ардагерлер командасы қанағат тұтты. Сондай-ақ, "Үздік ойыншы" аталымына Изимов Әділбек (Қиғаш ауылы ардагерлер командасы) ие болса, "Үздік үйлестіруші" аталымымен Тілеуғалиев Қайырболат (Құрманғазы ауылы ардагерлер командасы) ұлығыланды.

Жеңімпаздар мен жүлдегелерге және үздік ойыншыларға аудандық дене шынықтыру, спорт бөлімі атынан кубок, диплом және медальдар табыс етілді.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика