Көк айдында бақ сынады

(0 Votes)

2023 жылғы 16 ақпанда Кудряшов ауылдық округінде Қиғаш өзенінің мұз айдынында шайбалы хоккейден ардагерлер, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары мен оқушылар, жасөспірімдер арасында жарыс өтті.

 Жарысқа төрт команда қатысты. Спорттық іс шараның ашылу салтанатында округ әкімі Ж.А.Сундетов, Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің директоры С.Е.Курмангазиева және Құрманғазы аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебінен шақырылған лауазымды тұлғалар да құттықтау сөз сөйлеп қатысушыларға өздерінің лебіздерін білдіріп сәттілік тіледі. Біздің ауылымыздың ардагер хоккейшілері деп айтсақ артық етпес Ж.К.Жумахметов, А.Айткалиев өздерінің мұз айдынында қанша жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алып жүрген ойыншылар.

Бүгінгі өтіп жатқан жарысқа өз үлестерін қосып, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнеге беретін үлгі тұтар азаматтар. Ойын сондай тартысты және қызыққа толы өтті. Жарыс өте жоғарғы деңгейде өткізілді. Бұған өнегелік көрсетіп атсалысқан Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пән ұстаздары Ж.У.Айтпаев, А.Р.Шамишева, Б.М.Мажитов.

Жарыс барысында Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушы-қыз баллары мен ұстаздар жарыс басында самаурын қайнатып көрермендерге ыссы шай мен тәттілерді ұсынды. Жарыс соңында жеңімпаздарға мадақтамалар табыс етілді. "Шайбалы хоккейден ұйымдастырылған жарыстың мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттап, жеткеншіктер арасында қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау" деп негізгі жарыстың мақсатын атап өтті Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің дене пәнінің мұғалімі, инструктор Ж.У. Айтпаев.

— "Мұндай жарыс бізде жыл сайын өткізіліп тұруы әдетке айналу керек. Осы жолы жас ерекшеліктеріне қарай 4 топ қатысып отыр. Қатысушылардың жалпы саны — 20. Алты кезеңнен тұратын дода балаларға ғана емес, олардың ата-анасына да қызық. Оған дәлел көрермен қатарының лық толы болғаны"— дейді округ әкімі Ж. А.Сундетов.

Елбасымыздың жолдауына айтылғандай, болашағымыз осы жастарымыздың қолыңда. Туған ауылымыздың даңқын асқақтататын жас өрендеріміз көп болсын ағайын! Шайбалы хоккей ойыны ауылымызда дами берсін.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521