Азия ойындары: Слаломда ескек есуден екі қазақстандық спортшы финалға шықты

(0 Votes)
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында слаломда ескек есуден Александр Куликов пен Екатерина Таранцева финалда сынға түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Слаломда ескек есуден жартылай финал мәресіне жетті. Ұлттық құрама сапынан жекелей сында Александр Куликов пен Екатерина Таранцева ақтық сынға шықты.

Жартылай финалда Александр 102.79 ұпай жинап, өз тобында 5-ші; ал Екатерина Таранцева (116.76 балл) жинап, өз тобында 3-орын алды. Айта кетсек, Екатерина 2022 жылы Азия чемпионатында топ жарған.

Ал Александр 2018 жылы Индонезия астанасы Джакарта қаласында өткен Азия ойындарында қола жүлдеге ие болған. Еске салсақ, бұдан бұрын әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова (76 келі) финалға шықты.

Ал джиу-джитсудан Галина Дуванова финалда ойын көрсетеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521