Азия ойындары: Бүгін Қазақстан құрамасынан бес боксшы шаршы алаңға шығады

(0 Votes)
Фото: sports.kz

Бүгін, 29 қыркүйекте Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында еліміздің бес боксшысы сынға түседі. ҚазАқпарат бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Күндізгі сессияда үш қазақстандық спортшы өнер көрсетеді. Олардың қатысуымен өтетін жекпе-жектерді тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасынан көруге болады.

Астана уақытымен сағат 12:00-де шаршы алаңға Назым Қызайбай шығады. Ол 50 келіге дейінгі салмақта ширек финалда моңғолиялық Есугэн Оюунцэцэгпен жұдырықтасады.

Сағат 14:00-де Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта 1/8 финалда Қытайдан келген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатханмен кездеседі.

Сағат 14:45-те 92 келіге дейінгі салмақта ширек финалда Сағындық Тоғамбай ирандық Туфан Шарифимен жұдырықтасады.

Кешкі сессияда Қазақстанның тағы бір өкілінің жұдырықтасуын тамашалай аласыз. Сағат 17:30-да шаршы алаңға 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Карина Ибрагимова солтүстіккореялық Джинь Хьян Пэкпен қолғап түйістіреді.

Бұл жекпе-жекті Qazsport телеарнасынан да тікелей эфирде көруге болады.

Бұл жекпе-жектердің ішінде Нұрбек Оралбай мен Тоқтарбек Таңатханның рингке шығуы ерекше назар аудартады. Өйткені бұл 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) өтетін әлем чемпионатының финалының ремейкі болмақ. Ондағы «алтын» үшін тартыс Оралбайдың жеңісімен аяқталған болатын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521