"Арлан" командасы облыстық сайысқа жолдама алды

(0 Votes)

Аудандық білім бөлімі мен Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жоспарына сай  аудандық "Жас құткарушы -2023" слёті өтті.

Сайыс барысында 9 команда қатысып, өз деңгейлерін сынаған болатын. Барлық кезеңнен мүдірмей өткен М.Әуезов мектебінің "Арлан" тобы жүлделі 1-орынды жеңіп алып, облыстық додаға жолдаманы иеленді. Осы сайысқа дайындау барысында команда мүшелеріне форма тіктіруге демеушілік жасап, қолдау көрсеткен мекемелерге алғыс айтамыз.

Атап көрсетсек, жеке кәсіпкерлер Е.Тоқтаров, А. Нұғыманов, Н.Нажимовке, "Ақжол" дүкеніне, "Адай" құрылыс дүкеніне, "alasha_group" мекемесі басшыларына оқушылар, ата - аналар атынан шынайы ризашылығымызды бiлдiремiз. Әр уақытта осылай біздерді қолдап жүруге нәсіп етсін. " Арлан" командасы мамыр айында өтетін облыстық слетте аудан намысын қорғамақ. Сәттілік тілейміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.

 

Әлеуметтік желілеріміз

  ZERO.kz Яндекс.Метрика