Атыраулықтар интернет-алаяқтарға тосқауыл қойып, азаматтардың цифрлық құқығын қорғау қазіргі жаһандану заманында ерекше маңызға ие, деп санайды.
БЛИЦ - Демографиялық фактор тілдің мәртебесінің өсуіне әсер еткен. Екінші, бұл біздің мәдени факторымыз. Үшінші, біздің тіл мәдениетінің өсуі.
Қазақ тілінің мәртебесі – ол мемлекеттік деңгейде. Оған ешкім талас тудырмайды. - Өзге мемлекеттердің бір-біріне территориялық тұтастықтарына қол сұғушылық деген сияқты дүниелер орын алып жатқан жағдайда бұл маңызды қадам деп ойлаймын. Дәл сол нәрсе болуы керек, заңмен бекітілуі керек.
Цифрлық қауіпсіздік аса маңызды рөл атқарады деп ойлаймын. Өйткені еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін осы әлеуметтік желіге құштар, пайдаланады деп айта аламын, 90 пайыз деп ойлаймын өзім.
- Кейбір елде интернетті, мобильді қосымшаларды пайдалану кезінде балалардың құқықтары ұлттық деңгейде қорғалады. Енді міне еліміздің ең басты құжаты, Ата Заңның жаңа жобасында азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма көрсетілген. Бұл өте маңызды шешім.


