"Жас сарбаз-2019"

(0 Votes)

2019 жылдың 18 қараша күні Құрманғазы аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған 14-15 жас оқушылар арасында «Жас сарбаз-2019» пневматикалық мылтық атудан аудандық әскери-патриоттық сайыс өтті.

Мақсаты- оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастыру, отаншылыққа, елжандылыққа баулу, төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі қорғай білу, әрдайым қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.

sarbaz1

Сайыс нәтижесінде М.В.Ломоносов жалпы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Рудыкина Виктория «Ең Үздік»атанып және 10-сынып оқушылары Максутова Тілекші, Нажимов Асланбек, Құрманалиев Әлимбет АӘД жетекшісі Н.М.Жумабаевтың жетекшілігімен қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды.

sarbaz2

Мектебіміздің оқушылары, қазақ елінің болашақ жас ұландары ерлік істерді үлгі етіп, Отанымыздың іргесін қорғайтын патриоты боларына сеніміміз мол!

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521