Оралхан оқулары

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде жазушы - драматург, Қазақстан Жастар одағы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Оралхан Бөкей атындағы аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға 16-22 жас аралығындағы үміткерлер қатысты. Олардың өнерін қазылар алқасы Мұхтар Әуезов жалпы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ГауҺар Нұғыманова, аудандық орталықтандырылған кітапхананың оқырмандар бөлімінің меңгерушісі Людмила Рахметова және аудандық оқушылар үйінің педагог-психологы Кәмшат Меңдіғазиева бағалады. Алдымен қатысушылар прозалық және драмалық шығармалардан үзінділер оқыды. Соңғы бөлімде өз қалаулары бойынша өлең жолдарын өрнектеді. Еңбекші округінен Назерке Мұратова, Теңіз округінен Дильназ Өтепқалиева, Дыңғызылдан Назерке Қанатқалиева алғыс хатпен марапатталды. Жүлделі ІІІ орынды ақкөлдік Әсемгүл Бекболат, ІІ орынды Мақаш ауылдық округінен Нұргүл Ғаббасова, І орынды нұржаулық Ақерке Амангелдиева олжалады. Байқаудың бас жүлдесі Асан ауылдық округінен қатысушы Мархат Ғұмароваға бұйырып, облыстық сайысқа жолдама алды. Барлық қатысушылар естелік сыйлықтармен ұлығыланды.

Мейрамгүл Галимова,

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521