Дөңгелек үстелде бас қосты

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына 25 жыл толуына орай «Депутат мәртебесі мен міндеттері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Оған мәслихат депутаттары мен ауданның белсенді жастары шақырылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров және ұзақ жыл аудандық мәслихат аппаратының басшысы болған Роза Серікбаева қатысып отырды. Басқосуды аудандық мәслихат аппаратының басшысы Ғайни Карина жүргізді.

img_7748

Дөңгелек үстел аудандық мәслихат депутаты, Абай атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Анар Қашуованың жүргізген тренингімен басталды. Жастар екі топқа бөлініп, бірі депутаттардың мәртебесі, екіншісі міндеттері жайлы білетіндерін қағаз бетіне түсіріп, топ капитандары жұмыстарын қорғап шықты. Сарапшылар өз пікірлерін білдіріп, жас буынның өкілді орган туралы біраз мағлұматтарға қанық екенін атап өтті.

img_7761

Біздің ауданда 1994 жылы құрылған халықтың еркін білдіретін сайланбалы орган – мәслихат-деппутаттар жиналысының алғашқы хатшысы болған Рифхат Сұлтанияев тарихқа шегініс жасап, алғашқы мәслихаттар сайлауы, депутаттар жиналысының құрылымы мен ұйымдық негіздерінің қалануы, атқарушы органмен бірлесе жұмыс атқаруы, жергілікті өкімет органдарымен байланысы туралы хабардар етті.

img_7764

Еңбек ардагері Роза Хабдықызы алғашқы кезеңдегі аудандық мәслихат аппаратына жүктелген депутаттардың жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, нормативтік-құқықтық актілерді қабылдаудың заңдылықтары, мәслихат шешімдерінің заңнама талаптарына сай рәсімделуі жайында әңгімеледі.

img_7769

Аудандық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Наурызбай Бисенғалиев жастар саясаты, жергілікті жердегі олармен жұмыс жайына, депутат Анар Қашуова еліміздегі гендерлік саясат тақырыбына тоқталды.

img_7774

Дөңгелек үстел барысында депутаттар корпусы жағынан халық қалаулылары Бержан Кенжебаев, Хамит Қабылов, Гүлсара Мүтиева, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Армангүл Анесова, жастар арасынан облыстық дін істері басқармасы «Ақпараттық талдау орталығының» аудандық бөлімінің басшысы Ернар Боранғалиев, жас кәсіпкер Талғат Жұмалиев көтеріліп отырған мәселеге орай пікірлерін білдірді.

img_7785

Басқосуды қорытындылаған аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов пікірталасқа белсене қатысқан өскелең буын өкілдеріне жарқын болашақ, жаңашыл басталамалар тілек етіп, жастар орталығының кітапханасына кітаптар сыйға тартты.

img_7791

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT