«Бойтұмар» театр клубы ашылды

(0 Votes)

Аудандық аналар кеңесінің «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобасын жүзеге асыру бағытындағы іс-шара жоспарына сай Абай атындағы жалпы орта мектебінде «Бойтұмар» аналар мен қыздардың театр клубы ашылды.

Ашылу салтанатына аналар, ұстаздар, оқушылар қатысты. Театр клубының жұмысы тағылымдық бағытқа негізделген. Онда жастар ұлттық және отбасы құндылықтарының маңыздылығын түсіндірген тақырыптарды өздері таңдап, мәтінді жазады да соған сай қойылымдар дайындап ұсынады.

abaj-shara

Шараның шымылдығы театр клубының ашылуына орай лента қию рәсімімен ашылды. Одан әрі «Бойтұмар» сөзінің мағынасын жеткізу, әженің тәлімі, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ана мен қыздың, жеңге мен қайын сіңлі арасындағы отбасылық құндылыққа негізделген қағидалар қойылым арқылы ұсынылды.

abaj-shara5

a

Зал толы көрермен қауым театрдың жұмысына сәттілік тіледі. Кезінде аудан сахнасында ойнаған әртістер Талшын Мурзабекова, Рысты Нажимова театрдың мәдениеті, өздерінің еңбек жолдары туралы әңгімеледі.

img_1951shara

img_1953-shara1

Шараны аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қорытындылап, клубтың жұмысын ұйымдастырып жатқан мектеп директоры Жамал Хасановаға, клуб жетекшісі Анар Хашуоваға және мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.

a

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT